
Білім саласына ағымдағы жылы аудан бойынша 6 миллиард 308 миллион теңге бөлініп, былтырғымен салыстырғанда 5 пайызға артты. Аудан мектептерінде 2447 мұғалім дәріс беретін болса, олардың 90 пайызы жоғары білімділер. Алдағы жаңа оқу жылында аудан бойынша 1-11 сыныптағы 13454 оқушы бюджет есебінен тегін ыстық тамақпен қамтылатын болады.
Жақсы жаңалықтардың бірі, жақында Қордай және Қақпатас ауылдарында бой көтерген жаңа мектептер есіктерін айқара ашпақ. Заман үрдісіне сай ауданымызда 8 мектеп «е-learning» бағдарламасына сәйкес толық жабдықталып, электронды оқыту жүйесіне енгізілді. Сонымен қатар, бөлім аудандағы мектептер жаңа оқу жылына және жылыту маусымына толығымен дайын.
«ZhambylNews» АА