
Бұрынғыдай циклондардың өтуімен Қазақстанның көптеген облыстарында 29-31 желтоқсан боран, қар жауу, жел 15-25 м/с, 29 желтоқсан мұзтайғақ күтіледі. Батыс желі солтүстік-шығысқа ауысатын болады, Таймыр аудандарынан суық ауа республиканың солтүстік облыстарына келіп түседі, температура төмендейді және осы кезеңге нормаға жақын болады. Республиканың оңтүстік бөлігіне осы күндері Иран аудандарынан жылы ауа келуін жалғастырады және Жаңа жыл қарсаңында температура нормадан 4-10º жоғары болады.