Арнольд Шварценеггер заман талабына сай, әріптестері сыңайлы Instagram желісінің тұрақты қолданушысы болып алды. Бұл ретте Голливуд жұлдызы желіге езуге күлкі үйірер суретін жүктеді,-деп жазады 24.kz. Суретте актер өз ескерткішінің алдына жантайып, ұйқыға кеткені бейнеленген. «Заманның өзгергені-ай» деген жазба қалдырыпты суреттің астына. Қолданушылардың көбі актердің бұл әзілін орынды бағаласа, енді бірі бүгінгі аумалы-төкпелі заманда бұлай әзілдеуден аулақ болуға шақырды. Огайо штатында бұл ескерткіш 2014 жылдың күзінде пайда болды. Дәл осындай ескерткіш Австриядағы актердің музейінде орнатылған.



