Түркіменстанда шылым шегумен күрес аясында темекі сатуға толықтай тыйым салынды. Бұл туралы жергілікті ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып Би-Би-Си хабарлайды,-деп жазады khabar.kz. Темекі сатумен айналысқандар 1700 АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлейтін болады. Айта кеткен жөн, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, Түркіменстан онсызда шылымды аз шегетін елдердің қатарына кіреді екен.





