
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) ауыратлеттерге допинг қолданды деген күдік келгендіктен Қазақстанға 50 мың доллар айыппұл салды. Бұл туралы Vesti.kz Azerisport.com басылымына сілтеме жасай отырып хабарлады,-деп жазады kaz.tengrinews.kz.
Айыппұл ереже бұзды делінген спортшылардың саны бойынша салынды. Әзірбайжанның алты спортшысына айыппұл салынды. Ресейде - төрт, Қазақстан, Молдова және ҚХДР-да - үшеуден.
Осыған байланысты IWF Әзірбайжанға 200 мың доллар, Ресейге 100 мың доллар, қалғандарына 50 мың доллардан айыппұл салды. Егер ел айыппұлды төлемесе Олимпиада-2016-ға қатысуға лицензиясыз қалады екен.
Осыған дейін IWF қазақстандық ауыратлеттер Алмас Өтешов, Жасұлан Қыдырбаев және Ермек Өміртайды допинг қолданды деп айыптап, уақытша шеттеткен болатын.