Үндістанның Мумбай қаласында селфиге түсіп, теңізге батып көз жұмғандардың күрт артуына байланысты 15 ауданда селфиге тыйым салынды. Бұл туралы Haber7.com хабарлайды,-деп жазады 24.kz. Тыйым салынған өңірлердің арасында Марин-Драйв, Бандра Бандстан және Дадар, сондай-ақ Чоупати сияқты аудандары да бар. Әзірге бұл тыйымды бұзғандар қалай жазаланатындығы жайлы нақты мәлімдеме жоқ.