Басқосудың мақсаты - Қазақ хандығының өркениеттік мұрасын, ел тарихын ұлықтау, ұлттық тарихымызды насихаттау.
Жиынға аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Махамбетов қатысып, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай баяндама жасады.
Аталмыш іс-шараға аудан әкімдігінің білімі бөлімі қызметкерлері, тарих пәнінің мұғалімдері, аудандық ұлттық этномәдени орталықтардың жетекшілері қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Қазақстанның 40 жылдығы атындағы орта мектебінің пегагог ұйымдастырушысы, тарих пәнінің мұғалімі Ш.Несіпбекова «Қазақ хандығының құрылуының тарихи мәні» тақырыбында және тарих пәнінің мұғалімі Н.Молдашева «Қазақ хандығының тарихи-мәдени құндылықтары» тақырыбында баяндама жасады.
«ZhambylNews» АА




