Қазақ хандығының 550 жылдығы құрметіне 130 тарихи туынды жарық көрді. Төл тарихымызды баяндайтын кітаптардың арасында қайта басылған Мұхаммед Қайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» мен Ілияс Есенберлиннің әйгілі «Көшпенділер» трилогиясы да бар,-деп жазады 24.kz.
Жаңа еңбектер бүгін әлемнің 23 елінен келген оқырман қауымға таныстырылды. Мәртебелі меймандар. сондай-ақ ұлттық академиялық кітапханада «Мәңгілік ел» атауымен өтетін ғылыми-тәжірибелк конференцияға қатысады. Шара қонақтары үшін Қазақ хандығының рухани бай мұрасы кеңінен баяндалмақ. Михаил Молчанов, Канададағы Сент-Томас университетінің профессоры, саясаттанушы: - Бұл шара Қазақстан үшін өте маңызды. Одан бөлек ТМД және еуропалық одақ елдеріне қазақ елінің тарихын тануға жол ашады. Өз басым осы кітаптар туралы лекция оқуды ұйғардым. Себебі шәкірттерім қазақ мемлекетінің қалыптасу және өркендеу кезеңдері жайлы мол ақпарат алатын болады. Жанат Сейдуманов, ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры: - Бұл шыққан кітаптар 3 тілде шыққан. Мысалы, «Көшпенділер» 36 мың данада шықты. Соның ішінде қазақ тілінде 12 мың дана, 12 мың дана орыс тілінде, 12 мың дана ағылшын тілінде шықты. Осы көрмедегі кітаптардың көбі үш тілде шыққан. Неге десеңіз, қонақтарымыздың көбі – шетелден келген қонақтар.