» » Тарих пәнінің мұғалімдері Қазақ хандығы жайлы мәліметтерді ортаға салды

Тарих пәнінің мұғалімдері Қазақ хандығы жайлы мәліметтерді ортаға салды

Тарих пәнінің мұғалімдері Қазақ хандығы жайлы мәліметтерді ортаға салды Тараз. Zhambylnews – Байзақ ауданында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Қазақ хандығының тарихи-мәдени құндылықтары: қазіргі көзқарастар мен өркениеттік мұрасы» тақырыбында тарих пәні мұғалімдері арасында дөңгелек үстел өтті. 
Басқосудың мақсаты - Қазақ хандығының өркениеттік мұрасын, ел тарихын  ұлықтау, ұлттық тарихымызды насихаттау.           
Жиынға аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Махамбетов қатысып, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай баяндама жасады. 
Аталмыш іс-шараға аудан әкімдігінің білімі бөлімі қызметкерлері, тарих пәнінің мұғалімдері, аудандық  ұлттық  этномәдени орталықтардың жетекшілері қатысып, өз ойларын ортаға салды. 
Қазақстанның 40 жылдығы атындағы орта мектебінің пегагог ұйымдастырушысы, тарих пәнінің мұғалімі Ш.Несіпбекова «Қазақ хандығының құрылуының тарихи мәні» тақырыбында  және тарих пәнінің мұғалімі Н.Молдашева «Қазақ хандығының тарихи-мәдени құндылықтары» тақырыбында баяндама жасады.
 
«ZhambylNews» АА
 

Пікір: 0
Пікір қосу