» » Қордай ауданында жаңа мектеп ашылды

Қордай ауданында жаңа мектеп ашылды

Қордай ауданында жаңа мектеп ашылдыТараз. Zhambylnews - Конституция күні қарсаңында Қордай ауданы, Қордай ауылында жаңа мектеп оқушыларға есігін ашты. Сән-салтанаты жарасқан 3 қабатты 300 орындық білім ордасын мердігер «Темірстройсервис» ЖШС мерзімінде аяқтап, шығып Конституцияның 20 жылдығына орай тамаша сый жасады.
№6 мектептің салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов, Қордай ауданы әкімі Қайрат Досаев қатысты. 
Е.Манжуов қордайлықтар мен оқушыларды жаңа мектеппен құттықтап, жаңа оқу жылында табыстар тілеп, Жамбыл облысы әкімі Кәрім Көкрекбаевтың атынан бағалы сыйлығын табыс етті. Сонымен қатар Қордай ауданының Құрметті азаматы Төле Сүгірбай ақсақал өзінің жылы лебізін білдіріп, бір кездері арман болған мектеп үшін шын ризашылығын білдірді. 
Мердігер компания өкілі мектеп директоры Ардагер Керімбаевқа мектептің символдық кілтін табыс етіп, лента қию рәсімінен кейін құрметті қонақтар мектеп ішін аралап көрді. Үлкен спорт зал, кең асхана мен акт залы, 2 лингофонды, 2 информатика және 1 мултимедия кабинеттерімен жабдықталған, жалпы айтқанда соңғы үлгідегі барша заманауи техника және өзге де қажеттілердің барлығымен қамтылған мектеп оқушыларды қабылдауға сақадай сай. 
«ZhambylNews» АА


Пікір: 0
Пікір қосу