Тараз. Zhambylnews - Облыстық білім басқармасының басшысы С.Құрманбекова Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған Ұлт жоспары - 100 нақты қадамды түсіндіру мақсатында Меркі ауданындағы балалар мен жасөспірімдердің «Үміт» сарайында «Білім беру саласындағы 5 қадам, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің стандарттары негізінде адами капитал сапасын көтеру», «Облыстың білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстарының жағдайы» тақырыптары бойынша білім мекемесі басшылары мен ұстаздар арасында кездесу, Ақарал ауылындағы №5 мектеп мұғалімдерімен дөңгелек үстел өткізді.
«Біз болашағымызға биік мақсаттар қойып, мәңгілік ел болуға талпынған мемлекетпіз. Елбасымыз дамыған 30 елдің қатарына ену үшін «Ұлт жоспарын», оны іске асыратын 100 нақты қадамды ұсынып отыр. Бұл «Қазақстан-2050» стратегиясындағы айқындалған тұғырлы мақсатты еселеп, ұлттың келбетін сақтап, мемлекеттің абыройын асыру жолында айқын бағдар боларлық құжат. Елімізде жаңа өзгерістерге бастайтын игі бастамалар көп. Соның айқын көрінісі облыстың білім саласына жыл сайын қомақты қаржы бөлініп отыр. Қазіргі уақытта 24 білім мекемесі салынып жатыр. Жаңа оқу жылында 9 мектеп пайдалануға беріледі, оның 2-і Меркі ауданынан ашылады»,- деді басқарма басшысы Сұлушаш Сәтбекқызы.
Жиында «Ұлт жоспарының» 76,77,78,79,89 қадамдары бойынша білім саласында атқарылған жұмыстар туралы айтылды. Атап айтқанда, табысты еңбекті ынталандыру үшін облыс әкімінің шешімімен дарынды ұл балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-интернатына 15 миллион 973 мың теңге грант берілді. Облыстағы үздік білім беру ұйымын анықтау үшін 450 мектептің рейтингісін жасап, 28 критерий бойынша жұмыс нәтижелерін шығарды. Облыста 3 мамандандырылған мектеп-интернаттарда негізгі пәндер ағылшын тілінде оқытылады. Алдағы уақытта өңірімізде көп тілде білім беретін облыстық мектеп-интернат ашу жоспарланып отыр. Республика көлемінде 12 жылдық білім беруді сынақтан өткізетін 30 пилоттық мектеп белгіленіп, оған Тараз қаласындағы №41 көпсалалы гимназия мен Т.Рысқұлов ауданындағы №1 мектеп-лицей енгізілген. 2015-2020 жылдарға дейін 12 жылдық білім беруге өту кезең-кезеңімен жалғасады. Ал, 2022 жылдан бастап республика көлемінде барлық мектептер толық көшетін болады. Облыста 23 мыңға жуық мұғалім болса, олардың 13 пайызы үш деңгейлі курстарда біліктілігін жетілдірген. Бұл орайда,үш деңгейлік курстан оқып келген мұғалімдердің жалақысы жоғары болғандықтан, жұмысында нәтиже көрсетуі тиіс екені де баса айтылды. Республикадағы үздік 10 колледждің қатарына дуальдік оқытуды жүзеге асырған Жамбыл политехникалық колледжі еніп отыр. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстанда қәсіби және техникалық білім беру мекемелерінің үздіктер жүйесін құру және дамыту мақсатында «Кәсіпқор» Холдингі республикамыздың 820 колледждері арасында іріктеу жүргізіп, әртүрлі аймақтан 10 колледж таңдап алынды. Біздің өңірден үздік ондықтың ішіне халықаралық жобалардағы жетістіктері үшін Жамбыл политехникалық колледжі еніп, оқу орнының алдағы бесжылдыққа дамыту стратегиясы айқындалды.
«Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша былтыр облыстан 73 бала оқуға түссе, ағымдағы жылы 2860 бала құжат тапсырған. Биыл оңтүстік облыстарының балалары үшін 5мың 500 грант бөлінгені айтылып, мектеп түлектерін алдағы уақытта хабарландырып отыру керектігін айтты.
Ел экономикасының қарыштап дамуына кедергі келтіріп, қоғамның дертіне айналған мәселе – сыбайлас жемқорлық. Ендеше қоғамның алға басуы үшін сала қызметкерлерінің таза қызметі, ашық та әділдігі аса маңызды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ай сайын облыстық білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстарының жағдайына талдау жасалып, оның қорытындысы бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде өткізіледі.«Нұр Отан» партиясының облыстық, аудандық филиалдары төрағалары мен 1-ші орынбасарларының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия төрағаларының қатысуымен жергілікті жерлерде білім басқармасының көшпелі мәжілістері өтіп тұрады. Облыстық білім басқармасы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын Елбасының «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы», «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасын» негізге алып жоспарлы жұмыстар жүргізуде. Соңғы 5 жылдың көлемінде білім мекемелері басшыларының құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында тренинг-тестілеу тұрақты түрде өткізілуде. Барлық мектептер мен колледждерде құқық қорғау, әділет, сот органдары өкілдерінің қатысуымен лекциялар, дөңгелек үстелдер, кездесулер бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Сенім телефондары орнатылған. Әрбір білім мекемесінде жеке және заңды тұлғалардың арыздарына арналған жәшіктер қойылып, оған уақтылы жауап беруді қамтамасыз ететін жауапты қызметкерлер бекітілген.
Жұмыстар ұдайы атқарылса да облыстық прокуратура жанындағы құқықтық статистика басқармасы мен білім бөлімдерінің мәліметтері бойынша 2014 жылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық әрекеттеріне жол бергені үшін 30 білім саласы қызметкерлеріне тәртіптік шара қолданылса, 2015 жылдың 7 айында 16 білім мекемесінің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық әрекеттеріне жол бергені үшін тәртіптік шара қолданылды. Олардың ішінде 5 - і Талас ауданы, 4- і Шу ауданы, 2 –і Жуалы ауданы, 3-і Сарысу ауданы, 2- і Қордай ауданынан. Олар мамандарды жұмыспен қамту орталығының жолдамасынсыз жұмысқа қабылдау, аз қамтылған отбасы балаларын ыстық тамақпен қамтуға анықтаманы уақтылы алмай, ҚР «Мемлекеттік сатып алу» Заңының талаптарын бұзуда, біліктілік талаптарына сәйкес емес қызметкерлерді жұмысқа қабылдауда, шет елдерде білім алып, дипломдарын нострификациялау рәсімдерін уақтылы жасамау деректері бойынша құқық бұзушылықтарға жол берген.
Кез келген мемлекеттің халқы өз мемлекетінің заңына, индустриялық қуаты мен экономикалық өсіміне ең бастысы халық алдында жауапты мемлекетіне сенуі тиіс. Әрине ол үшін мемлекеттің имиджін қалыптастыратын мемлекеттік қызметкерлердің беделі қалыптасуы қажет.
Қазақстан – ТМД мемлекеттері ішінде осы жемқорлық бойынша арнайы заң қабылдап, онымен күресетін жеке орган құрған алғашқы мемлекет. Заң қабылданып, арнайы мекеме жұмыс атқарып, жемқорлықпен күресу қарқынды жүріп жатқанымен, бұл мәселе қайсыбір салада болсын түбегейлі шешілмей келеді. Елбасымыз айтқандай жемқорлық секілді күрделі проблемамен қоғам болып күреспесек, жеке бір мекеме немесе ұйым оған толықтай шамасы жетпейді.
Облыстың бас педагогымен кездесу барысында ұстаздар қауымы өз пікірлерімен бөлісіп, көкейдегі сұрақтарына жауап алды.

«ZhambylNews» АА