» » Еңбек ауылында жаңа мектеп ашылды.

Еңбек ауылында жаңа мектеп ашылды.

Еңбек ауылында жаңа мектеп ашылды.Тараз. Zhambylnews -  Білім күні 583 тұрғыны бар Еңбек ауылында 120 оқушыға арналған «Еңбек» орта мектебінің жаңа ғимаратының ашылуы салтанатты жағдайда болып өтті.
Мектептің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов арнайы келіп, ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады.
Сөз алған ауыл тұрғыны, ардагер-ұстаз Бектемір Мәделбаев текті тілегін жеткізді.
Кермені облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Нұрбапаұлы мен ауыл ақсақалы Сапарбай Аширов қиып, құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер компания – «ТаразСтрой-2004» ЖШС директоры Мейірхан Амансарыұлы білім ордасының салтанат кілтін мектеп басшысына арнайы табыс етті.
Нысанның жалпы сметалық құны – 439, 278 млн. теңге.
Салтанатты шараға келген қонақтар жаңа мектептің 19 оқу кабинетін, спорт және мәжіліс залдарын, асхананы аралап көрді.
«ZhambylNews» АА


Пікір: 0
Пікір қосу