» » Биыл елімізде 330 мың балдырған мектеп табалдырығын аттайды

Биыл елімізде 330 мың балдырған мектеп табалдырығын аттайды

Биыл елімізде 330 мың балдырған мектеп табалдырығын аттайдыАлматы облысы бойынша биыл 19 мектеп қолданысқа беру жоспарланған. Соның бірі Талғар ауданының Бесағаш ауылында ашылды. Ұстаздар мен оқушылар 1 қыркүйек күнін күтпестен-ақ, Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповпен бірге жаңа білім ошағының сыныптары мен спортзалын аралап көрді.  1-сыныпқа баратын бүлдіршіндер министрдің қолынан жаңа сөмкелер алып, ақ тілегін естіді,-деп жазады khabar.kz
600 орындық жаңа мектептің іске қосылуымен Бесағаштағы үш ауысым мәселесі толықтай шешіледі. Мектеп республикалық бюджеттің қаржысына салынған.  Жалпы биыл ел бойынша 330 мың қазақстандық балдырған мектеп табалдырығын аттайды. Министр Аслан Сәрінжіповтің дерегінше, бүгінде республикамыздағы апатты мектептердің саны 130-дан 66-ға дейін, ал үш ауысымда оқытатын мектептердің қатары 20 пайызға азайған.  «Сала басшысы 2017 жылға қарай бұл мәселе тұтастай шешіледі», – деді. Биылдың өзінде республика бойынша 157 жаңа мектеп пайдалануға беріледі.   Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі  -Биыл Алматы облысының өзінде 18 жаңа мектеп ашылады. Алматы облысы біз үшін өте маңызды өңір. Өйткені осы жерде демографиялық өсу өте қатты. Жыл сайын бізде 20-30 мың астам балалар 1-сыныпқа барады. Сондықтан жыл сайын біз 150-ден астам жаңа мектеп саламыз.  Гүлмира Жұмахметова, Бесағаш ауылының тұрғыны   -Бұрын ауылымызда 2 мектеп болса, міне, 3-ші мектеп ашылып жатыр. Мектепті араладық, көрдік. Кабинеттері үлкен, жарық. Қуанышымызда шек жоқ. Екі балам бұрынғы 28 мектепті бітірген, енді екі балам осы 45 мектепке келіп жатыр.  









Пікір: 0
Пікір қосу