Жамбыл облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Мырзабекова Гульфайруздың айтуынша, республика аумағында, оның ішінде Жамбыл облысында қызылша ауруының жоғары деңгейде тіркелуіне байланысты 2015 жылдың 12 қазанынан бастап, 15-19 жас арасындағы тұлғаларға егу басталады. Ағымдағы жылдың ақпан айында өткен иммундау жұмыстары барысында Жамбыл облысы бойынша 66 мыңнан астам адам екпе алған болатын. Нәтижесінде қызылша ауруының тіркелуі 10 еседен аса төмендеді және де екпе алғандар арасында асқыну жағдайлары тіркелмеген.
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Айтбаева, биылғы жылғы иммундау науқанында өткен жылы егілмеген 9 мыңнан астам адам егілетінін айтты.
Қосымша иммундау жұмыстары мектептер мен колледждерде, жоғары білім беру оқу орындарында өтеді. Қазіргі уақытта алғашқы медициналық – санитарлық көмек көрсету мекемелерінде, мектептер мен колледждерде, жоғары білім беру оқу орындарында 15 және 19 жас аралығындағы жасөспірімдердің тізімі дайындалуда.
Қызылшаға қарсы қосымша иммундауды өткізуге қатысты, барлық сұрақтар бойынша Жамбыл облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мен Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасына келесі телефондар бойынша кеңес алуға болады: 455978 және 437156.
Баспасөз маслихаты соңында жиналған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне жадынамалар, ақпараттық бүктемелер таратып, халыққа иммундау науқанының қайта басталғандағы жөнінде мәліметті түсінікті әрі жеткілікті деңгейде таратулары жөнінде өтініш жасалды.



