Семинар-тренингке жергілікті құқық қорғау және сот органдарының, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарының өкілдері де қатысты.
Семинар-тренингке қатысушыларға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов, Елбасы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев, және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар Офисінің Басшысы Зарудна Наталья Николаевна ханым құттықтау сөз сөйледі.
Семинар-тренинг барысында тыңдаушылар Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары саласындағы бақылау функцияларымен, адам құқықтары жөніндегі халықаралық конвенцияларға қатысты БҰҰ құрған бақылау органдарының құзыретімен танысты, БҰҰ-ның тиісті Комитеттерінде азаматтардың жеке шағымдарын қарау тетігін талқылады.
Семинар-тренингте сол сияқты Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесі де зерделенді. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық мекемелердің мемлекеттік органдармен, сондай-ақ адам құқықтарын қорғаудың соттан тыс институттарымен өзара қарым-қатынастары қаралды.
Семинарда әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан аумағында тұрақты немесе уақытша тұрып жатқан өзге адамдардың еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері қаралды. Тыңдаушылар қоғамда пайда болар еңбек және әлеуметтік жанжалдардың алдын алу және оларды шешу тетіктерімен таныстырылды.
Комиссия мүшелері Т.Әбішев, Р.Юрченко мен Қ.Айтуғанов нақты мысалдармен тыңдаушыларға адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы ғана емес, сонымен бірге азаматтардың мемлекет пен қоғам алдындағы міндеттері туралы да айтып берді. Мұнымен қатар қазақстандық қоғамның барлық топтарының құқықтық мәдениетін арттыра түсудің өзекті проблемаларыда қарастырылды.
Семинардың соңында Мемлекет Басшысының бес институционалдық реформасы мен «100 нақты қадамдағы» оны іске асыру тетіктері егжей-тегжейлі талқыланды.
Семинар-тренинг барысында қатысушылар адам құқықтарын қорғау мен көтермелеу саласындағы жұмыс тәжірибесімен алмасты.



