
Уақытша жұмыстармен 9491 адам (оның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде 160 адам), ақылы қоғамдық жұмыстармен 2374 адам қамтылды. Жастар тәжірибесіне 951 адам тартылды (оның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде 416 адам), әлеуметтік жұмыс орындарына 1005 адам (оның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде 531 адам) орналастырылды және шағын несие алушылармен 85 жұмыс орны құрылды.
Жалпы 2015 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыруға 926,9 млн.теңге бөлініп, үстіміздегі жылдың қаңтар-маусым айларында 509,6 млн. теңгесі игерілді.
«ZhambylNews» АА