
Жергілікті қала тұрғынының айтуынша «Қарасу» мөлтекауданы маңында белгісіз тұлға оның құны 120 мың теңге тұратын бағалы алтын алқасын озбырлықпен мойнынан жұлып кеткен. Оқиға орынына жедел жеткен Тараз қалалық ІІБ 1-ПБ-ң қызметкерлері жәбірленушінің келтірген белгілері бойынша жіті іздестіру нәтижесінде, 3 минут ішінде 1987 ж.т.облыс орталығының жергілікті тұрғыны құрықталды.
Күдікті қылмысын толық мойындады, сондай-ақ оған қатысты ҚР ҚК 191-бабы, 1-бөлімімен іс қозғалды.
Қазіргі таңда күдіктінің басқада осындай қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталуда.
Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда.
«ZhambylNews» АА