» » Үш минут ішінде полиция қызметкерлерімен алтын алқа иесіне қайтарылды

Үш минут ішінде полиция қызметкерлерімен алтын алқа иесіне қайтарылды


Тараз. Zhambylnews - Ағымдағы жылдың 31 шілдесінде сағат 10:50 шамасында Тараз қаласы ІІБ Жедел басқару орталығының «102» тетігіне 1982 ж.т. азаматша хабарласқан,-деп хабарлайды Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметі.

 Жергілікті қала тұрғынының айтуынша «Қарасу» мөлтекауданы маңында белгісіз тұлға оның құны 120 мың теңге тұратын  бағалы алтын алқасын озбырлықпен мойнынан жұлып кеткен. Оқиға орынына жедел жеткен Тараз қалалық ІІБ 1-ПБ-ң қызметкерлері жәбірленушінің келтірген белгілері бойынша жіті іздестіру нәтижесінде, 3 минут ішінде 1987 ж.т.облыс орталығының жергілікті тұрғыны құрықталды.
Күдікті қылмысын толық мойындады, сондай-ақ оған қатысты ҚР ҚК 191-бабы, 1-бөлімімен іс қозғалды.
Қазіргі таңда күдіктінің басқада осындай қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталуда.
Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда.
«ZhambylNews» АА


Пікір: 0
Пікір қосу