
Ғаламтор желілеріне тарап кеткен бейнетүсірілімде ол полицейдің оған есірткі салып, жалған айыптағандығы туралы айтқан. Ал тәртіп сақшылары бұл азаматтың жақын күндері есірткімен ұсталғандығын жасырмады. Бұл дерек бойынша296-баптың 4-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Алмат Төленбаев, Жамбыл облыстық IIД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бөлім бастығы: - Тергеушілермен қалалық прокуратура қызметкерлерімен барлығы бірлесе отырып, олар ешқайда кетпеу туралы және өзін дұрыстау шарасы қолданылып жіберілген. Сөйтип ол босатылған. Қазір аталған дерек бойынша прокуратура сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.