» » Жамбыл облыстық ІІД бастығы: Өзін өртеген азамат бірер күн бұрын есірткімен ұсталған

Жамбыл облыстық ІІД бастығы: Өзін өртеген азамат бірер күн бұрын есірткімен ұсталған

Жамбыл облыстық ІІД бастығы: Өзін өртеген азамат бірер күн бұрын есірткімен ұсталғанЖамбыл облыстық ІІД хабарлауынша, өзіне-өзі өрт қойып қаза тапқан Е.А Бектібаев бірнеше күн бұрын есірткімен ұсталған. Қазіргі таңда бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды,-деп жазады khabar.kz
Жамбыл облыстық ІІД бастығы Алмат Төленбаевтың мәліметінше, есірткімен ұсталған Е.А Бектібаев тергеуден соң үйіне босатылған екен. Бүгінде өзіне-өзі өрт қою ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.  Естеріңізге сала кетейік, бірер күн бұрын Тараз қаласында «Нұр Отан» партиясы ғимаратының алдында 1995 жылы дүниеге келген азамат Бектібаев Ерлан Абдуллаұлы өзін-өзі жағып жіберген болатын. Жантүршігерлік әрекетке бармас бұрын ол ұялы телефонның бейнекамерасының алдында полиция қызметкерлерінің оған есірткі ұсынып, жала жапқысы келгендіктерін жеткізген. Күйік шалған Е.А Бектібаев қалалық ауруханада көз жұмды.  

Пікір: 0
Пікір қосу