» » «Нұр Отан» Жамбыл облыстық филиалы 210 отбасының балаларына көмек көрсетті

«Нұр Отан» Жамбыл облыстық филиалы 210 отбасының балаларына көмек көрсетті

«Нұр Отан» Жамбыл облыстық филиалы 210 отбасының балаларына көмек көрсеттіТараз. Zhambylnews - «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық және аумақтық филиалдарының ұйымдастыруымен партияның «Бақытты балалық», «Бақытты отбасы» жобаларын жүзеге асыру мақсатында «Мектепке жол» акциясы аясында партия облыстық және аумақтық филиалдары, бастауыш партия ұйымдары, Саяси кеңес мүшелері тарапынан жалпы облыс бойынша 210 жағдайы төмен отбасынан шыққан және жетім балаларға мектеп формалары мен оқуға қажетті құрал-жабдықтар тапсырылды.  
         Партияның облыстық филиалы Тараз қаласындағы №54 мектептің оқушылары Дариға Арғынбаева мен Ақбөпе Ақыл, №25 мектептің оқушылары Қанағат Таласбек, Алма Қаршыға және Орынбасар Ержігітке  мектеп формалары, аяқ киім, спорттық киім, сөмке және оқуға қажетті құрал-жабдықтармен көмектесті.
         Партия тарапынан алдағы уақытта да түрлі қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, жобаларды іске асыру жөніндегі басты индикаторлармен жұмыс жүргізеді.
  «ZhambylNews» АА


Пікір: 0
Пікір қосу