Шара мақсаты- студенттік құрылыс жасақтарының маңыздылығын насихаттау және құрылыс жұмыстарына тартылуына мол мүмкіндіктер ашу.
Курста Тараз қаласындағы жоғары және орта арнаулы оқу орнынан 106 студент (М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінен 35, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінен 20, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтынан 27, Жамбыл политехникалық колледжінен 24 студенттер) жасақталып, техникалық мамандықтар бойынша (ағаш ұстасы, сылақшы, дәнекерлеуші, кірпіш қалаушы және т.б.) білім алуда. Бұл тұста курсты бітірген студенттерге арнайы біліктіліктері туралы куәлік беріліп, құрылыс жұмыстарына тартылуына мол мүмкіндіктер ашылатын болады.
«ZhambylNews» АА





