» » Жамбыл облысы 2 апта ішінде Астанада 380 тонна өнім сатты

Жамбыл облысы 2 апта ішінде Астанада 380 тонна өнім сатты

Жамбыл облысы 2 апта ішінде Астанада 380 тонна өнім саттыАстана қаласының әкімдігі тұрақты негізде қаланың 25 сауда желісіндегі тауар бағасын қатаң қадағалауда. Тексерістер нәтижесінде бірқатар азық-түлік құнының шарықтағаны анықталды. Қазір бұл деректер бойынша тексеру, тергеу жұмыстары жүргізілуде,-деп жазады 24.kz
Тауық еті, қант, макарон, жарма. Дүкен сөрелерінде қымбаттаған өнімдер осылар. Алайда қала әкімдігі мұндай әрекеттерге тосқауыл қоймақ. Жергілікті билік елорданың ірі сауда желілерімен келісім жасап, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың құнын бір қалыпты ұстауға барын салуда. Гүлмира Ермолдина, қалалық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары: - Тұтыну нарығындағы бағалардың өзгеруіне әсер ететін факторлар біздің тарапымыздан қадағаланып, бағаларды тұрақтандыру шаралар кешені іске асырылуда. Баға жөнінде сөз байласу, жозықсыз бәсекелестікке жол бермеу, оған қарсы күрес жүргізу Астана қаласы бойынша монополияға қарсы инспекциясымен бірге жұмыс атқарылып жатыр.   Қала тұрғындарын сапалы әрі арзан тағаммен қамтамасыз ету үшін әр апта сайын жәрмеңкелер ұйымдастырылуда. Соңғы бірнеше ай ішінде Астананың әр ауданында барлығы 50 жәрмеңке өтті. Бұл шараларға 100-ден астам жергілікті тауар өндірушілері қатысты. Сондай-ақ бұған еліміздің өңірлері де сүбелі үлесін қосуда. Мәселен, Жамбыл облысы 2 апта ішінде Астанада 380 тонна өнім сатты.  Гүлмира Ермолдина, қалалық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары: - 12 қыркүйектен бастап азық-түлік жәрмеңкелері өткізілуде. 10 өңірдің жәрмеңкесі өтті. Жалпы, өткізілген жәрмеңкелерде сатылған өнімнің көлемі 3 мыңнан асты. Алдағы демалыс күндері өз өнімдерін Астанаға Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының тауар өндірушілері әкелмек. Ал 24-25 қазан күндері Ақмола облысының жәрмеңкесі өтеді. Айта кетсек, бұл жәрмеңкелерде азық-түлік бағасы дүкендермен салыстырғанда 15-20%-ға арзан болады.



Пікір: 0
Пікір қосу