» » Елордада Жамбыл облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

Елордада Жамбыл облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

Елордада Жамбыл облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өттіТараз. Zhambylnews - Өткен аптаның сенбісінде Жамбыл облысының фермерлері елордада ауылшаруашылықжәрмеңкесін өткізіп,  өз өңірлерінен 120 тонна өнім әкеледі. Бірінші партияға азық–түліктің 17 түрі кірді, оның ішінде көкөністер мен жемістер, сүт және ет өнімдері бар. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Бұған дейін хабарланғандай, Жамбыл облысының Ауылшаруашылық басқармасы елордалық нарықта баға мониторингін жүргізді. Осығанбайланысты, жәрмеңкедегі бағалар 15-20% арзан болады. Мысалы, пияздың бағасы -40 тг, 1 кг картоп - 55 тг, 1 кг қарбыз - 25 тг, 1 кг қызанақ, қияр,  болгарбұрышы - 50 тг, 1 кг баклажан - 30 тг, 1 кг қант - 150 тг  және т.б.
Әсет Құрманғалиев, Астана қаласы Ауылшаруашылықбасқармасының басшысы:
-  Әкім осындай жәрмеңкелердібарлық аймақтар үшін ұйымдастыруға тапсырма берді. Бұл жәрмеңкелер өткізуге арналған стационарлы орындарболуы мүмкін.
«ZhambylNews» АА



Пікір: 0
Пікір қосу