» » Жамбыл облысының «Жыл студенті» анықталды

Жамбыл облысының «Жыл студенті» анықталды

Жамбыл облысының «Жыл студенті» анықталдыЖамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай білім-ғылым, спорт, мәдениет, өнер салаларымен қатар облысымыздың қоғамдық-саяси жұмысына белсене қатысып, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген облысымыздың үздік студенттерін марапаттауға арналған ІІІ облыстық «Студенттік бал - 2015» салтанатты кеші өтті.
Аталмыш шара қарсаңында басқарма тарапынан студент жастар арасында «Жыл студенті- 2015» және жастар ісі жөніндегі комитет жетекшілері арасында «Ең үздік жастар ісі жөніндегі комитет – 2015» байқаулары жарияланған болатын Байқауға өңіріміздегі жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 500-ге жуық студент жастар қатысып, олардың үздік деп танылғандары салтанатты кешке қатысу құрметіне ие болды және облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарының, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының, облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының «Алғыс хаттарымен» марапатталды.
Сонымен қатар, оқу орындарынан іріктелініп алынған студенттердің ішінен 42 жұп (84 студент) «Қазақ вальсіне» балдық би билеп  жұртшылықты тамсандырды.
         Шараға қатысушы студенттердің арасынан оза шапқан «Жыл студенті - 2015» бас жүлдесін Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 3 курс студенті Ә.Мұратбаев, «Ең үздік белсенді студент» номинациясы бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 4 курс студенті С.Джакаев, «Ең үздік жас блогер» номинациясы бойынша Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 2 курс студенті А.Құнанбай, «Ең үздік жас ерікті» номинациясы бойынша Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 3 курс студенті Ж.Құстиын, «Жас спорт саңлағы – 2015» номинациясы бойынша Тараз политехникалық колледжінің студенті Т.Тұрсынбаев, «Жас талант – 2015» номинациясы бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 3 курс студенті Ә.Тлеуберді, «Жас дарын – 2015» номинациясы бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 3 курс студенті Н.Қолдағанова, «Жас ғалым – 2015» номинациясы бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 4 курс студенті Ю.Ким марапатталды.
Ал, «Ең үздік жастар ісі жөніндегі комитет – 2015» бас жүлдесін Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі Б.Үскембаев иеленсе, «Үздік жастар ұйымдастырушысы – 2015» номинациясы бойынша Жамбыл политехникалық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі Ғ.Өмірзақ, «Белсенді жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі – 2015» номинациясы бойынша Жамбыл медициналық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі Д.Уркимбаева, «Жастар жанашыры – 2015» номинациясы бойынша Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі Н.Әбітаева, «Жаңашыл жастар ісі жөніндегі комитет – 2015» номинациясы бойынша Жаңатас көпсалалы колледжінің жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі Н.Шалғынбаева марапатталды.
 
 
 

Пікір: 0
Пікір қосу