» » Қан донорлығының пайдасын насихаттайтын жастар флеш-мобы өтті

Қан донорлығының пайдасын насихаттайтын жастар флеш-мобы өтті

Қан донорлығының пайдасын насихаттайтын жастар флеш-мобы өттіТараз. Zhambylnews – Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «DAVMIR» сауда орталығының алдында «Медицина қызметкерлері құқығын қорғау» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен тұрғындарға донорлық қызметтердің қажеттілігі мен ерікті өтеусіз қан донорлығының пайдасы туралы ақпараттандыру мақсатында облыстық жастар флеш-мобы өткізілді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда әртүрлі факторлар мен себептерге байланысты трансплантацияға мұқтаж адамдар саны күннен күнге өсуде. Олардың ішінде, кішкене жастағы балалар да болады. Бұл жағдайлардың әрқайсысы жедел екені сөзсіз. Бірақ, осы бүйрек, бауыр, жүрек және өзге де органдардың донорлар банкісі ерекше тапшы екендігін ескере отырып ұйымдастырылып отырған флеш-моб барысында орган донорлығын және ерікті өтеусіз қан донорлығын насихаттау және донорлыққа шақыру мақсатында дайындалған арнайы таратпа материалдар тұрғындарға таратылды.
«ZhambylNews» АА


Пікір: 0
Пікір қосу