» » Қордай ауданында жастар лагері ұйымдастырылды

Қордай ауданында жастар лагері ұйымдастырылды

Тараз. Zhambylnews – Қордай ауданында «Өткеннің даналығы - қазіргі баға жетпес қазына» атты жастар саяси лагері 60 адамның қатысуымен жұмыс жүргізді. Олардың барлығы аудандағы 19 ауылдық округтарында тұратын 18-29 жас аралығындағы жастар. 
Шараны аудандық «Жастар орталығы» ұйымдастырды. Слетке қатысқан жасампаз жастарды аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Әлімбет пен «Жастар орталығының» директоры А.Таутен құттықтады.
Шара Қазақ хандығының 550-жылдығы, Конституцияның 20-жылдығына, Ассамблеяның 20-жылдығы және Ұлы Жеңістің 70-жылдығына  орайластырып өткізілді. Кездесудің негізгі мақсаты белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру мен жастар ортасында патриоттық құндылықтарды дамыту болды. 
Форум бағдарламасында тренингтер, команданы таныстыру және шығармашылық ұсынылуы, сонымен бірге, Президентіміздің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» жолдауын және «100 қадам» құжатын талқылау болды. Үш күнге созылған шара жастарға жаңа жолдастармен танысуға мүмкіншілік берді. 
 
«ZhambylNews» АА

Пікір: 0
Пікір қосу