» » Азық-түлік бағасының тұрақтылығы - басты назарда

Азық-түлік бағасының тұрақтылығы - басты назарда

Тараз. Zhambylnews - Теңгенің еркін айырбас бағамына көшуіне байланысты Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев шұғыл жиын өткізіп, өңірдегі бағаны бақылауда ұстау үшін арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Сондай-ақ, әлеуметтік  маңызы бар азық түлік пен қызметтер бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуді қатаң тапсырды.
Аймақ басшысы әлемдік нарықта орын алып жатқан мәселелерге тоқтала келе, жауапты тұлғаларға халықтың негізсіз дүрлігуіне жол бермес үшін  түсіндіру жұмыстарын қолға алуды жүктеді. Сонымен қатар орын алған өзгерістерге қатысты арнайы жоспар түзіп, барлық ауданда арнайы штабтың жұмысын ұйымдастыру қажеттігін ескертті.
Жиыннан соң штаб мүшелері  дәріхана, валюта айырбастау пункттері мен бірнеше дүкендерді аралап шықты.  Доллар құнының күрт өсуіне қарамастан  "Дәмдес", "Small"  дүкендерінде азық-түлік бағасы бұрынғыша. Валюта айырбастау пункттерінде де жағдай тұрақты. Қызметкерлер  клиенттермен ешқандай мәселенің туындап жатпағандығын алға тартты. 
«ZhambylNews» АА


Пікір: 0
Пікір қосу