
Бұл экономикалық өсім мен баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажет. Осыған байланысты Ұлттық Банк пен ҚР Үкіметі 2015 жылдың 20 тамызынан бастап, жаңа ақша-несие саясатын іске асыруға кірісу туралы шешім қабылдады. Бұл саясат инфляциялық таргеттеу, яғни мақсатты түрде көздеу режиміне негізделген. Оны іске асыру үшін валюта бағамының дәлізі алынып тасталып, теңгені айырбастаудың еркін бағамына көшеміз. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Ұлттық Банк осы жылы орташа мерзімді перспектива тұрғысында инфляциялық таргеттеуге ауысу жөнінен іс-шаралар кешенін іске асыруға кірісті. Ұлттық Банк 15 шілде күні теңгенің айырбас бағамын неғұрлым қолайлы және біркелкі қалыптасуын қамтамасыз ету үшін валюталық дәлізді кеңейту туралы шешім қабылданды. Алайда жаһандық экономикадағы жағдай нашарлай түсіп, еліміздің экспортқа шығаратын негізгі өнімдері - мұнай мен металдардың әлемдік нарықтағы бағасы төмендеп барады. Ал бұл ЖІӨ-нің өсу екпіндеріне кері әсер етіп, отандық экономиканың сыртқы әсерлер алдында осалдығын арттырады. Экспорттық табыстың төмендеуі республикалық бюджет пен елдің төлем балансына теріс ықпал етеді. Бұл жағдайда, экономикалық саясат, бірінші кезекте, өндірістің құлдырауын, инвестициялық және несиелік белсенділіктің азаюын, жұмыссыздықтың артып, халықтың әл-ауқатының төмендеуін болдырмау үшін әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтауға бағытталатын болады. Үкімет тарапынан экономиканың барлық салаларын құрылымдық реформалау кешенін қолдау қажеттілігі инфляциялық таргеттеуге көшуді тездетуді талап етеді. Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-Министрі: - Бұл экономикалық өсім мен баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажет. Осыған байланысты Ұлттық Банк пен Үкімет 2015 жылдың 20 тамызынан бастап жаңа ақша-несие саясатын іске асыруға кірісу туралы шешім қабылдады. Бұл саясат инфляциялық таргеттеу, яғни мақсатты түрде көздеу режиміне негізделген. Оны іске асыру үшін валюта бағамының дәлізі алынып тасталып, теңгені айырбастаудың еркін бағамына көшеміз. Бұл шара экономика өсіміне серпін беріп, несие және инвестициялық белсенділіктің артуына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына, орта мерзімде инфляцияны 3-4 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.