» » «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Жамбыл облыстық ауруханасына ынтымақтастық үшін алғыс білдірді

«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Жамбыл облыстық ауруханасына ынтымақтастық үшін алғыс білдірді

«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ республика тұрғындарының денсаулығын сақтау бойынша жүргізілген жұмыс үшін Жамбыл облыстық ауруханасының басшылығына ықылас танытып, шын жүректен алғысын білдірді. Бұл туралы Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Жамбыл облыстық ауруханасы – Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасына сәйкес ағза донорлығы және трансплантацияны дамытудың инновациялық бағдарламасына белсенді қатысатын, еліміздегі алғашқы клиникалардың бірі. 
«Сіздің ұжымыңыздың рақымшылығы, кәсібилігі мен қалыптасқан қызметінің арқасында біздің орталықта ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында күрделі идеопатиялық өкпе гипертензиясымен ауыратын Астана қаласының тұрғыны, 47 жастағы М. емделушісіне өкпенің алғашқы трансплантациясы және Қарағанды қаласының Х. тұрғынына жүрек функциясының терминальді созылмалы жетіспеушілігімен ауыратын емделушісіне донорлық жүректің трансплантациясы жасалды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы тұрақты», - деп жазылған алғыс хатта. 
Сондай-ақ, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқарманың төрағасы Юрий Пя Жамбыл облыстық ауруханасының бас дәрігері Сағи Бейсенбеков пен оның ұжымына гүлдену және жоғары нәтижелердің жетістігін тілеп, келешектегі жемісті ынтымақтастық пен өзара түсіністікке сенім артатынын атап өткен. 



Пікір: 0
Пікір қосу