» » «Кселл» 4G технологиясын іске қосуға дайындалу үшін басты назарын мобильдік интернетке аударуда

«Кселл» 4G технологиясын іске қосуға дайындалу үшін басты назарын мобильдік интернетке аударуда

2016 жылы іске қосылады деп күтіліп отырған 4G технологиясына дайындық жүргізудің бір бөлігі ретінде «Кселл» деректерді тарату қызметін ұсынуға басты назарын аударуда. Осы мақсатта компания ең танымал «Алло, Қазақстан» тарифтік жоспарының жаңа топтамасында ұсынылатын мобильдік интернет көлемін ұлғайтып отыр,-деп жазады nur.kz.
2015 жылдың 28 қазанынан бастап «Алло, Қазақстан» тарифтік жоспарының бірінші топтамасына қосымша ретінде «Алло, Қазақстан XS, S, M, L» тарифтік жоспарының жаңа топтамасы іске қосылуда. Аталған жоспарларға енгізілген мобильдік интернет пакеті ұлғайтылып отыр.
«Соңғы тоқсан ішінде* біздің желіміздегі мобильдік интернетті тұтыну көлемі 2 есеге артты. Осы ретте биылғы жылдың маусымынан бастап іске қосылғалы бері «Алло, Қазақстан» жоспарындағы мобильдік интернетті тұтыну көлемі 4 есеге артқан болатын. Клиенттеріміздің арасында деректерді тарату қызметіне деген аса үлкен сұранысты көріп отырмыз және де бұл сұраныс үнемі артып келеді. Клиенттеріміз кез келген уақытта және кез келген жерде көлемі үлкен видео және музыка файлдарына қол жеткізгісі келеді. Оның үстіне бұл жаһандық және қазақстандық телекоммуникация нарығында басты трендке айналуда. Басты назарымызды клиенттеріміздің қажеттіліктеріне шоғырландыра отырып, біз өзгерістерді ең танымал «Алло, Қазақстан» тарифтік жоспарындағы топтамалардан бастап отырмыз. 2016 жылы біз 4G технологиясын іске қосуға дайын боламыз, сондықтан біз ең танымал тарифтік жоспарларды деректердің үлкен көлемін тұтынуға қазірдің өзінде бейімдей бастадық», – деп атап өтті «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Арти Отс.
Active абоненттеріне қолжетімді «Алло, Қазақстан» тарифтік жоспарының жаңартылған нұсқасында 6 мүмкіндік пайда болды: 4 жоспар мобильдік интернет қолданушыларына бағытталған болса, 2-уі әлі дауыстық қызметтерді артық көретін абоненттерге арналған.
Мобильдік интернетті белсенді қолданатындарға арнап енді «Алло, Қазақстан XS», «Алло, Қазақстан S», «Алло, Қазақстан M», «Алло, Қазақстан L» жұмыс жасауда. Аталған жоспарларға енгізілген мобильдік интернеттің көлемі ұлғайтылған, ал «Алло, Қазақстан L» топтамасында бұл рекордтық 45 ГБ-қа тең. Сонымен қатар, осы жаңа тарифтік жоспарларға және жаңа тарифтік топтамаға алғашқы рет қосылатын абоненттерге 30 күнге 1 Гб-тан бастап 7 Гб-қа дейінгі бонус ұсынылатын болады.
Дауыстық және интернет қызметтердің ең үлкен пакеті «Алло, Қазақстан L» тарифтік жоспарында қарастырылған. Айына төленетін 2490 теңге үшін бір айға жететін интернеттің ең үлкен көлемі – 45 ГБ ұсынылады (күндізгі уақытта 15 Гб, түнгі уақытта 30 Гб). Осы ретте аталған тарифтік жоспар арқылы тарифтік топтамаға қосылған алғашқы 30 күнде 7 Гб бонус қоса берілетін болады. Осы тарифтік жоспар бойынша Қазақстан ішіндегі бүкіл желілерге қоңырау шалу 300 минутты, ал желі ішінде қоңырау шалу үшін 30 күнге 1690 минутты құрайды. Жаңа тарифтік топтаманы үзіліссіз қолданғаннан кейінгі 7-айдан бастап «Алло, Қазақстан L» абоненттеріне Қазақстан ішінде бүкіл желілерге қоңырау шалу үшін 1990 минут берілетін болады.
Телефон арқылы көп әңгімелескенді артық көретін active абоненттеріне арнап жалпы ұлттық «Алло, Қазақстан 2G» және аймақтық «Алло, Қазақстан Start» деп аталатын 2 жаңа тарифтік жоспар қарастырылған.
Бір айға 890 теңге тұратын «Алло, Қазақстан 2G» жоспарында құны 0 теңгеге тең шектеусіз желі ішінде қоңырау шалу мүмкіндігі ұсынылып отыр. ҚР-дағы басқа операторлардың ұялы және қалалық нөмірлеріне қоңырау шалу минутына 15 теңге тұрады.
Бір айға 1290 теңге тұратын «Алло, Қазақстан Start» жоспарында Қазақстан ішінде бүкіл желілерге арнап 90 минут және аталған жоспарға үзіліссіз қосылған алғашқы 180 күн бойы activ/Kcell желісі ішінде айына 900 минут ұсынылады. Осы тарифтік жоспарға қосылғаннан кейінгі 7-айдан бастап абоненттерге ҚР ішіндегі барлық желілерге қоңырау шалу үшін 990 минут беріледі. Сонымен қатар, осы тарифтік жоспарға мобильдік интернеттің күндіз 1 Гб-қа және түнде 2 Гб-қа тең нақты көлемі қоса беріліп отыр. Осы тарифтік жоспарға және жаңа тарифтік топтамаға алғаш қосылғаны үшін бонус ретінде абоненттерге 30 күнге 1 Гб интернет ұсынылады.
Осы ретте жоғарыда аталған тарифтік жоспарларға қосылған абоненттердің барлығына абоненттік төлемнің шығынға жазылған-жазылмағанына қарамастан, мобильдік нұсқалар арқылы Facebook және ВKонтакте танымал әлеуметтік желілеріне шығуға мүмкіндік беріледі.
Компаниядағылар бұл өзгерістер жергілікті нарықтың дауыстық қызметтерден интернетті тұтынуға ары қарай көшуін ынталандыратын болады деп сенімді.
Сонымен қатар, компания 2015 жылдың 28 қарашасынан бастап орын алатын ағымдағы жағдайды ескере отырып, «Алло, Қазақстан 1, 2, 3» тарифтік жоспарларына енгізілген қызметтердің көлемі арттырылатынын мәлімдейді. Осыған орай аталған тарифтік жоспарлардағы ай сайынғы абоненттік төлем құнына түзетулер енгізілетін болады.
Сонымен қатар, бұл өзгерістер белгілі аймақтық «Елiм-ай» және «Пысық» тарифтеріне де өз ықпалын тигізді. Жаңартылған нұсқауда, аталмыш тарифтік жоспарлар Facebook және ВКонтакте әлеуметтік желілерін тегін қолдану мүмкіндігінің арқасында бұрынғыдан да неғұрлым деректерді табыстауға көзделген. Осыған орай 28 Қарашадан бастап, абоненттік төлем ақысы тәулігіне 36 және 19 теңгені құрайтын болады. Бұл тарифтік жоспарлардың жаңартылған «Елiм-ай+» және «Пысық+» нұсқаулары 3 Қарашадан бастап іске қосылады.
Жаңа тарифтік жоспарлар жайлы және де қолданыстағы тарифтік жоспарларға енгізілетін өзгерістер туралы толығырақ ақпаратты www.activ.kz сайтынан таба аласыздар.



Пікір: 0
Пікір қосу