
Апта басынан бері аймақтарда 2700-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл тізім бойынша ең жоғарғы көрсеткіш Атырау облысында байқалады. Бес күнде мұнайлы өлкеде 641 адам екі қолға бір күрек тапқан. Ал Оңтүстік Қазақстан облысында 426 тұрғын еңбекпен қамтылса,, Батыс Қазақстан облысында 401 жұмыс орны ашылды. Бұл көрсеткіш Қостанайда 288,, Алматы облысында 271, Ақтөбеде 176-ға жеткен. Сондай-ақ апта ішіндеШығыс Қазақстанда 140, Павлодарда 98, Солтүстік Қазақстанда 80 жұмыс орны ашылды. Ақмолада 79, Қызылордада 50 және Маңғыстауда 46 тұрғын тұрақты еңбек етуге мүмкіндік алды. Жамбыл облысында 40, Қарағандыда 12 жаңа жұмыс орны пайда болды