Апта сайынғы ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде тауар өндірушілер 850 тоннаға жуық өнім ұсынуда. Елорда тұрғындары мен қонақтары ет, сүт өнімдерін, көкөніс, сондай-ақ балықты нарықтық бағадан 15-20% арзан сатып ала алды. «Қалыптасқан дәстүр бойынша күзгі көкөністі, сүт өнімдерін, ет өнімдерін, балық өнімдерін Астана қаласының жәрмеңкесіне әкеліп тұрмыз. Бұл жолы біз 48 тонна балық, 10,5 тонна ет, 80 тонна көкөніс, 100 мың жұмыртқа және т.б. көптеген тағам өнімдерін алып келдік. Әсіресе, ерекше атап өтетінім, сүт және сүт өнімдерін мол алып келдік. Оның ішінде Қазақстанда алғаш рет шыға бастаған ешкі сүт өнімдерін, оның ішінде ірімшік, брынза, қаймақ, және т.б. бұрын жәрмеңкеге түспеген тағадарды алып келіп жатырмыз. Сұраныс өте күшті, халық риза, ауа-райы да жақсы болып тұр. Айта кетейін, тамақтың бағасы едәуір төмен», – дейді Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, Астана қаласында ұйымдастырылған ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне Батыс Қазақстан облысынан 7 тонна балық және балық өнімдері, 17 тонна ет және ет өнімдерін, жеміс-көкөніс әкелінген. Сондай-ақ жәрмеңкеде Атырау және Батыс Қазақстан облысының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.
- 21 қыркүйек 2015 ж.
- 125
Астана тұрғындарына Жамбыл облысы өнімдері ұсынылды