» » Жамбыл облысында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізінің бір бөлігі пайдалануға берілді

Жамбыл облысында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізінің бір бөлігі пайдалануға берілді

Жамбыл облысында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізінің бір бөлігі пайдалануға берілдіЖамбыл облысында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік көлік дәлізінің тағы бір бөлігі қолданысқа берілді. Тас жол Тараз қаласын айналып өтіп, Байзақ пен Жамбыл аудандары арқылы өтеді,-деп жазады 24.kz
Жалпы ұзындығы 65 шақырымнан асады. Оның 8 шақырымға цемент-бетон, ал қалған 57 шақырымға асфальт жамылғысы төселген. Қазір арнайы белгілер мен жылдамдық көрсеткіштері орнатылып, құрылыс жұмыстары толықтай аяқталды. Халықаралық магистральдің осы бөлігін салу үшін инвесторлар 18 миллиард теңгедей жұмсаған. Осы жолдың 495 шақырымы Жамбыл облысының аумағын басып өтеді. Бекболат Орынбеков, облыс әкімінің бірінші орынбасары:  - Қаланың ішімен өтетін бір күннің ішінде өзіміздің мына ауыр жол көліктердің саны да азаюда. Екіншіден мынау жолдың қысқаруы. Үшіншіден жолдың қауіпсіздігі және салынып жатқан біраз нысандар бар. Ауыл тұрғындары бар, осыған да сол ауылдардың жалпы тұрғындарға өзінің пайдасын тигізеді деп ойлаймыз.  

Пікір: 0
Пікір қосу