» » Қытай керуені Жамбыл жеріне жетті

Қытай керуені Жамбыл жеріне жетті

Аспан асты елінің Шэньси провинциясы Сиянь қаласынан дәл осыдан бір жыл, бір апта бұрын Ұлы Жібек жолын қайта жаңғыртуды мақсат етіп, әрі көршілес елде болып жатқан ұлық  мейрамға үн қосу үшін тарту-таралғыларын молынан артқан Қытай  керуені кеше ғана Жамбыл жері мен Алматы облысы түйісетін Қордай шекарасына келіп жетті. Тойдың болғанынан боладысы қызық деген, осы керуеннің келетінін асыға күткен біздің ұжым  алып-ұшып, Қордайға жеткенше асықтық.
Тойлы ауылда ең алдымен көзімізге шалынғаны ақшанқан киіз үйлер болды. Қазақ  үйлер қазақ даласына сән беріп тұрғандай. Тұрғындар түгелдей қазақша киінген, жигіттер мінген тұлпарлар жұтынып тұр, күш сынасқан балғын балуандар бабында, қыран құсын қолына қондырып, құмай тазысын жанына ерткендер де табылады, ақ  сақалды аталар мен ақ жаулықты әжелер, шаруа қамын ойлаған ағалар мен ас-ауқат дайындаган жеңгелер, күш-қуаты тасып тұрған  жалынды жастар мен қырмызыдай құлпырган қыздар, былдыры балдай балалар дархан дала төсін думанга бөлеуде. Алтыбақан кұрулы, қазан асулы. Отар ауылы қонакты күтуге сақадай сай. Көп күттірмей жол тосқан жігіттерден сүйіншілеген хабар келді. Ақсакалдар бастап, басшылар қостаган топ салт бойынша қонақтарды қарсы алуға беттеді. Сонау жерден мыңдаған қашыктықты артқа тастаған көштің басы да корінді. 22 түйе, бірнеше арбасы бар достық керуені де жетті күмбірлетіп. Саяхатшыларға қазақ дәмі мен сусыны ұсынылып, шағын сыйлықтар берілді. Облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов мырза қонактарға қош келдіңіз айтты, керуен басшысы қазактың өз даласындай көл-көсір кең пейіліне алғыс білдірді, Сиянь қаласына жолы түскен әрбір қазақты құшак жайып күтіп алатынын айтты. Шара мерекелік бағдарламамен жалғасты, қытайлыктар киіз үйлерге жайғасты. Сондай-ақ қатысушылар назарына ұлттык салт-дастүрден хабар беретін қойылымдар мен көрмелер ұсынылды. Қыз қуу жарысында ат кұлағында ойнаған қыз жігітке жеткизбей қуушыны әбден састырса, қарымтасында да бойжеткен жігитті қамшынын астына алды. Екі топқа бөлінген көкпаршылар көк серкені ары да, бері де тартып, ен далада қиқу салды. Қытайлыктар қазақ ойындарына қызығушылық танытты. Айтпақшы, осы керуен казаннын екісінде Байзақ ауданына, бесіне Тараз қаласына ат басын тірейді. 
Шынар Қайратқызы


Пікір: 0
Пікір қосу