Тараз. Zhambylnews –Алматы қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру және «Қазақ хандығының 550 жылдығына» орай Алматы қаласында Жамбыл облысы жыл басынан бері 3 рет жәрмеңке өткізіп, құны 316,4 млн. теңгені құрайтын 723,2 тоннадан астам ауыл шаруашылығы тауарлары өткерілді.Одан бөлек, тамыз айының 22-сі мен қыркүйек айының 22-сі аралығында Астана қаласында апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді. Онда жалпы құны 75 млн. теңгенің 480 тонна өнімі жеткізіліп, Астана тұрғындарына 15-20 пайыз төмен бағамен сатылды.
«ZhambylNews» АА





