» » Тараз қаласында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

Тараз қаласында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

Тараз. Zhambylnews – Ағымдағы жылдың қараша айының 28 күні Тараз қаласының «Достық» алаңында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті,-дп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі. 
Тараз қаласы мен Байзақ, Жуалы, Талас, Т.Рысқұлов, Сарысу аудандарының және «Тараз» ССК» АҚ-ның тауар өндірушілерінің қатысуымен өткізіліп жатқан ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне құны 27,2 млн. теңгеден астам 62,7 тонна ауыл шаруашылық тауары ұсынылуда. 
Атап айтқанда, 14,4  тонна ет өнімдері (жылқы, сиыр, қой, тауық, шошқа),      2 тонна шұжық өнімдері, 6 тонна сүт өнімдері, 1 тонна балық,  5 тонна қант,          5 мың дана жұмыртқа, 1 тонна кондитерлік өнімдер, 3 тонна макарон өнімдері,     0,5 тонна бал,  0,5 тонна кептірілген жеміс және 26,8 тоннадан астам көкөніс-бақша және жеміс-жидек өнімдері бар. 
Аталған жәрмеңке облыстың тауар өндірушілеріне өз тауарларын делдалсыз, тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде жәрмеңкедегі тауарлардың бағалары нарық бағаларынан 10-20 пайыз төмен болады.
Ескерту: 12 желтоқсан күні облыстың Меркі, Қордай, Шу, Мойынқұм, Жамбыл аудандары және «Тараз» ССК» АҚ өз тауарларын ұсынады.

«ZhambylNews» АА


Пікір: 0
Пікір қосу