» » Сарысуда 88 мың тонна ірі сабақты мал азығы дайындалды

Сарысуда 88 мың тонна ірі сабақты мал азығы дайындалды

Сарысуда 88 мың тонна ірі сабақты мал азығы дайындалдыТараз. Zhambylnews - Ағымдағы жылы Сарысу ауданында барлығы 122 ауыл шаруашылығы құрылымдары субсидия алуға өтініш берді. Оның ішінде 1 ЖШС, 1 ӨК және 120 шаруа қожалығы  бар. Өткен жылы 47, 2 млн. теңге субсидия берілген. Биылғы жылы барлығы 17040 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылып отыр. Бұл өткен жылдан 689 гектарға, индикативті жоспардан шамамен 485 гектарға артық.
Үстіміздегі жылы барлығы 11317,0 гектар жердің егіні орылуы тиіс. Оның ішінде масақты дәнді-дақылдар көлемі 3229 гектар, мақсары 7088 гектар. Бүгінгі күнге 4682 тонна масақты дақылдар жиналды. Жүгеріні жинау 13 қыркүйектен басталады.
Гектар түсімі бидай мен арпадан орташа 14,5 центнерден айналды. 
Алдағы мал қыстату маусымына 88 мың тонна ірі сабақты мал азығы дайындалып, жоспар 103 пайызға орындалды. Ылғал және ресурс сақтау технологияларын пайдалану тиімділігі туралы шаруашылық құрылымдарына түсіндіру жұмыстары 20-25 шілде аралығында әр ауылға барып жүргізілді.
 
«ZhambylNews» АА


Пікір: 0
Пікір қосу