Үстіміздегі жылы барлығы 11317,0 гектар жердің егіні орылуы тиіс. Оның ішінде масақты дәнді-дақылдар көлемі 3229 гектар, мақсары 7088 гектар. Бүгінгі күнге 4682 тонна масақты дақылдар жиналды. Жүгеріні жинау 13 қыркүйектен басталады.
Гектар түсімі бидай мен арпадан орташа 14,5 центнерден айналды.
Алдағы мал қыстату маусымына 88 мың тонна ірі сабақты мал азығы дайындалып, жоспар 103 пайызға орындалды. Ылғал және ресурс сақтау технологияларын пайдалану тиімділігі туралы шаруашылық құрылымдарына түсіндіру жұмыстары 20-25 шілде аралығында әр ауылға барып жүргізілді.
«ZhambylNews» АА




