» » Израиль ғалымдары лас судан қағаз жасауды ойлап тапты

Израиль ғалымдары лас судан қағаз жасауды ойлап тапты

Израиль ғалымдары лас судан қағаз жасауды ойлап таптыИзраиль табиғи ресурстарды үнемдеуге шындап кірісе бастады. Елде бұрыннан-ақ ауызсу тапшылығын жою дұрыс жолға қойылған болатын. Енді жергілікті өнертапқыштар лас суды сүзгі арқылы тазалап қана қоймай, одан қағаз, тіпті отын да жасап шығаруды меңгере бастады,-деп жазды 24.kz
Израиль ғалымдары көп жылдардан бері ауызсуды үнемдеудің алуан түрлі амалын тауып жүр. Бұл – Шавдан зауыты. Осы жерге Тель-Авив пен онымен іргелес қалалардың лас сулары жиналады. Алдымен ондағы қоқыстар теріліп, лас су біраз уақыт тұндырылады. Мына қабырғада тұтқыр сүзгінің қалай жұмыс істейтіні толық көрсетілген. Инженер Томер Крайцер тазартудың бұл түрі өте тиімді әрі пайдалы деп отыр. Томер Крайцер, Шавдан зауытының инженері: - Тазартудың соңғы сатысына жеткен соң суды іше беруге болады. Біз құммен тазалау әдісі арқылы жұмыс істейміз. Тазартылған ауызсу Израильдің оңтүстік аймақтарына құбыр арқылы жіберіледі. Ал бұл Эшколь зауытындағы су тазартатын алып құрылғы. Жылына жарты миллиард текше метр лас суды жарамды ететін кәсіпорын әлемдегі ең үлкен өндіріс болып саналады. Зауыттың ерекшелігі сол, судағы органикалық қалдықтардан құтылу үшін балықтар пайдаланылады. Лиори Акнин, өнертапқыш: - Бұл шөлмекте өздеріңіз көріп тұрғандай тазартылмаған су. Ал мынау өңделгеннен кейінгісі. Жоғарыдан төмен биоблоктар арқылы аққан су жылғалардағы арнайы бактериялармен әрекеттесіп, зиянды қалдықтардан арылады. Израильде суды тазартып, ал қалдығынан қағаз жасау да қолға алынған. Бұл шикізат межелі мерзімнен кейін кәдеге жарайды. Рафаэль Ахарон өндіріс директоры: - Шикізат өңделгеннен кейін осындай болады. Біз осыдан қағаз жасаймыз. Сондай-ақ бұл өнім жанған кезде қызуы мол отынға да айналады. Зауытқа күнделікті келушілердің қарасы қалың. Үлкендер балаларға қара судың қадірін жастайынан түсіндіріп тұрады. Мамандардың айтуынша, болашақта тіршілік көзіне деген қажеттілік қол жетпес асыл арманға да айналуы ғажап емес.



Пікір: 0
Пікір қосу