» » Елімізде ақылды тұрмыстық заттар ғаламтор арқылы сатылып жатыр

Елімізде ақылды тұрмыстық заттар ғаламтор арқылы сатылып жатыр

Елімізде ақылды тұрмыстық заттар ғаламтор арқылы сатылып жатырОрныңыздан тұрмай-ақ, ұялы телефонның көмегімен есікті ашып, шәйнекті қосып, жарықты өшіре аласыз. Қарағандылық бағдарламашылар адамның тұрмысын әлдеқайда жеңілдетіп, тиімді қылатын заманауи қосымшаны ойлап тапты,-деп жазады khabar.kz. 
Қазір ақылды тұрмыстық заттар ғаламтор арқылы сатылуда. Оларды басқаратын  ұялы телефонға арналған қосымшаны қарағандылық мамандар 1,5 жыл ішінде жасап шығарған. «Мысалы, ұйықтау уақыты жақындап қалғанда ұялы телефонға: «Мен ұйқтаймын» деген сөзді айтсаңыз, телефон автоматты түрде электрондық команда жібереді. Есік, терезе жабылады, жылытқыш құралдары өшіріледі. Ал салқындатқыш құралына температураны төмендету командасы жіберіледі. Біз барлығын бағдарлама арқылы бақылауда ұстай аламыз», – дейді бағдарлама жасаушы Максим Васильев.

Пікір: 0
Пікір қосу