» » Шулық шаруалар мембағдарлама арқылы кәсіптерін бастауда

Шулық шаруалар мембағдарлама арқылы кәсіптерін бастауда

Шулық шаруалар мембағдарлама арқылы кәсіптерін бастаудаЖамбыл облысының Шу ауданында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы несие алған азаматтардың 90%-дан астамы қаражатты мал шаруашылығына салған. Өйткені бұл өлке ата кәсіпті дамытып, мал ұстауға ыңғайлы,-деп жазады 24.kz
Жергілікті тұрғын Жексенбек Әбітаев мемлекеттік бағдарламамен жеңілдетілген несие алып, 70-ке жуық қой сатып алған. Енді соны өсіріп, шаруасын кеңейтпек. Қазір ол өзінен бөлек тағы бір отбасын жұмыспен қамтып отыр. Бақ пен дәулет еткен еңбекке байланысты келеді. Жексенбек Әбітбековтың өмірлік ұстанымы осындай. Ол мүмкіндігі шектеулі бола тұра, кейбіреулер көзін таппай жүрген істі бастады. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы 6%-дық үстемемен несие алып, қой өсіруді қолға алды. Жексенбек Әбітбеков, шаруа қожалығының жетекшісі - Желтоқсаннан бастап төлеймін. 1,5 миллионға 67 бас саулық алдым. Яғни төлдің есебінен құтылып кетуге болады екен. Сонда аналық бас саулығың 4-5 жылда өзімен өзі көбейе береді. Шаруаның алдағы 2 жылға жасаған жоспары бар. Мал басын еселегеннен кейін оны асылдандыруға да ден қоймақ. Қазір жұмысын жаңадан бастаған «Рауан» шаруақожалығында бір отбасы еңбек етеді. Мұратхан Бұтабаев, жұмысшы: - Қысқы дайындалып, шөп жинап жатырмыз. Бір мая болды. Жем-шөп түсіріп жатыр. Енді Алла қаласа, өсеміз-өндіреміз деген ойымыз бар осы жерден. Кәсібімізді жеп жатырмыз. Тұрақты айлығымыз бар. Осындай жігіттер көбейе берсін ауылда. Сұлутай Басаубаева, Шу аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры: - Бағдарлама бойынша 45 азаматқа 94 миллион 647 мың теңге бөлініп, бүгінгі күнге толығымен 100% орындалып отыр. Осы 45 азаматтың 29 адамы салық бөліміне тіркеліп, 12 азаматты жұмыспен қамтыды. Соңғы жылдары ауданда мемлекеттік бағдарлама арқылы шаруа бастағысы келетіндер қатары артқан. Тек биылдың өзінде 300-ге жуық тұрғын құжаттарын жинап, несие алуға ниет білдіріп отыр.

Пікір: 0
Пікір қосу