» » «Болашақ» стипендиясының иегерлері кепіл хаттарын ХҚКО арқылы рәсімдей алады

«Болашақ» стипендиясының иегерлері кепіл хаттарын ХҚКО арқылы рәсімдей алады

«Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендианттары ретінде оқуға кеткендер үшін кепіл хатын беру» мемлекеттік қызметін Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алуға болады.Бұл қажетті құжатты алу жолдарын әлдеқайда жеңіл детеді, себебі ХҚКО-ға құжаттарды аптаның алты күнінде сағат таңғы 9.00-ден кешкі 20.00-ге дейін түскі үзіліс сіз жүзеге асыруға болады.
Аталмыш кепіл хатын алу үшін келесі құжаттар қажет: толтырылған өтініш; жеке басын куәландыратын құжат, ЖОО-да бағалары қойылған соң қызмет берушінің атына транскриптің көшірмесі. 
Ал, тілдік дайындық, академиялық оқуға және тәжірибеден өтуге бірінші рет баражатқандар үшін – мамандығы, оқу бағдарламасы, оқуға қабылдау мерзімі көрсетілген шақырту хатының көшірмесі қажет. Егер тәлімгер өзі ХҚКО-ға келе алмайтын жағдайлар болса оның атынан келетін адамда нотариалды куәланған сенімхаты болуы шарт. 
Астана қаласының тұрғындары кепіл хатты 15 күнтізбелік күні шінде алса, басқа өңірлерде бұл хат 15 жұмыс күні ішінде беріледі. Осы ретте, ХҚКО-ға құжаттарды тапсырған күн есепке алынбайды. 
Егер ХҚКО-ға кезекті алдын ала брондау қажет болса, оны электрондық үкімет порталы арқылы ЭЦҚ-сызда жүзеге асыруға болады.
 
Тараз қалалық №4 ХҚКО-ның инспекторы  Г.Қойлыбаева

Пікір: 0
Пікір қосу