» » Ауыз суды сүзуге арналған кітап

Ауыз суды сүзуге арналған кітап

Ауыз суды сүзуге арналған кітапАмерикалық өнертапқыштар әлемді тағы таң қалдырды. Олар ойлап тапқан кітаптың парақтарымен тіпті лайлы суды сүзуге болады екен,-деп жазады 24.kz
Алғашқы сынақ оңтайлы нәтиже берді. Ал бұл ғаламшардағы 663 адам үшін бас ауруға арналған мәселенің шешімі болуы мүмкін, деп жазады planet-today.ru. Cебебі кітап парақтарының бойында суды бактериялардан тазартатын мыс пен күмістің нано-бөлшектері бар.  Мұнымен қоса, парақтарға сүзілген судың адам үшін қаншалық маңызды екендігі туралы ақпарат ойылып тұрып жазылған. Мұндай ерекше су сүзгішті ойлап тапқан адамның есімі - Тери Данкович. Бір парақ 100 литр суды тазартады. Ал бір кітап адамды 4 жыл бойы таза сумен қамтамасыз етеді.

Пікір: 0
Пікір қосу