» » Жаңатаста бизнес пен ауылшаруашылығын дамытуға арналған семинар өтті

Жаңатаста бизнес пен ауылшаруашылығын дамытуға арналған семинар өтті

Жаңатаста бизнес пен ауылшаруашылығын  дамытуға арналған семинар өттіТараз. Zhambylnews – Кеше Сарысу ауданы  Жаңатас қаласында бизнес пен ауылшаруашылығы саласын дамытуға бағытталған аймақтық семинар өтті.
Жиын мақсаты - өңірдегі бизнес пен ауылшаруашылығы саласын дамыту мәселелін талқылау және шешу, бизнес өкілдеріне қолайлы ивестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру.
         Семинар-кеңеске Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы басшысының орынбасары А. Есеналиев, Сарысу ауданының әкімі Б. Жайлыбаев, Сарысу ауданы әкімінің орынбасары О. Көкей, Бизнесті қолдау, қаржыландыру институттарының Жамбыл облыстық филиалдарының өкілдері, екінші деңгейлі банктер филиалдарының өкілдері, шағын және орта бинес жетекшілері, Сарысу ауданынан шыққан белгілі кәсіпкерлер, аудандық кәсіпкерлер палатасы мен кәсіпкерлік ассоциациясының белсенділері, мемлекеттік органдар басшылары, облыстық және аудандық маслихат депутаттары, аудан кәсіпкерлері қатысты. 
          Семинар барысында егістік алқаптарын тамшылап суару  технологиясын енгізу, мал бордақылау алаңын салу, тауарлы-сүт фермаларын ашу жөніндегі екіжақты меморандумдар қабылданды.
Жиын соңында қаржыландыру институттары екінші деңгейлі банктердің өкілдері тарапынан аудандағы кәсіпкерлермен жеке қабылдау ұйымдастырды.
 
«ZhambylNews» АА

Пікір: 0
Пікір қосу