» » Аймақта "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" арқылы 195 жоба іске асқан

Аймақта "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" арқылы 195 жоба іске асқан

Аймақта "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" арқылы 195 жоба іске асқан     Тараз. Zhambylnews - Өткен жылы  «ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы Холдингі АҚ Жамбыл облысындағы еншілес мекемелері  арқылы жалпы 8 млрд. 949 млн. 500 мың теңгені құрайтын инвестициялық қаржы игерілген болса, биылғы  жылдың  алғашқы жарты жылдығының қорытындысы бойынша облыстың ауыл шаруашылығы саласында барлығы 7 млрд. 639 млн. 700 мың теңге көлеміндегі инвестициялық қаржы игерілген. 
         Өңірде екінші деңгейлі банктер арқылы алты ай ішінде 1 млрд. 938 млн. 200 мың теңге несие қаражаты игерілген болса, облыстағы  шаруашылықтардың өз қаржылары арқылы 735 млн. теңгенің 6 жобасы іске асырылылған. 
          «Аграрлық  несие  корпорациясы» АҚ Жамбыл  облыстық  филиалы арқылы барлығы 126 жоба, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің  195 жобасы, «Тараз» Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорациясы» арқылы Байзақ ауданында  жалпы құны  158,0 млн. теңгеге 4 жоба әртүрлі бағдарламалар бойынша  жүзеге асырылып, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2206 аналық бас және 96 асыл тұқымды бұқа, «Құлан» бағдарламасы арқылы 1419 бас жылқы, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша облыс аудандарында 13 450 бас қой малы сатып алынған. «Ырыс» бағдарламасы арқылы 12 сүт-тауарлы фермасын құру  бойынша жұмыстар жүргізілсе, облыс шаруашылықтары қаржылай қолдау институттарынан басқа өз қаржылары есебінен де инвестициялық жобаларды жүзеге асырған.
         Екінші деңгейлі банктердің өкілдіктері арқылы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған 10 жоба мақұлданып, жалпы сомасы 1 млрд. 916 млн. 700  мың теңге көлемінде несие қаражаты игерілген.
«ZhambylNews» АА


Пікір: 0
Пікір қосу