Өңірде екінші деңгейлі банктер арқылы алты ай ішінде 1 млрд. 938 млн. 200 мың теңге несие қаражаты игерілген болса, облыстағы шаруашылықтардың өз қаржылары арқылы 735 млн. теңгенің 6 жобасы іске асырылылған.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Жамбыл облыстық филиалы арқылы барлығы 126 жоба, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің 195 жобасы, «Тараз» Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорациясы» арқылы Байзақ ауданында жалпы құны 158,0 млн. теңгеге 4 жоба әртүрлі бағдарламалар бойынша жүзеге асырылып, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2206 аналық бас және 96 асыл тұқымды бұқа, «Құлан» бағдарламасы арқылы 1419 бас жылқы, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша облыс аудандарында 13 450 бас қой малы сатып алынған. «Ырыс» бағдарламасы арқылы 12 сүт-тауарлы фермасын құру бойынша жұмыстар жүргізілсе, облыс шаруашылықтары қаржылай қолдау институттарынан басқа өз қаржылары есебінен де инвестициялық жобаларды жүзеге асырған.
Екінші деңгейлі банктердің өкілдіктері арқылы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған 10 жоба мақұлданып, жалпы сомасы 1 млрд. 916 млн. 700 мың теңге көлемінде несие қаражаты игерілген.
«ZhambylNews» АА




