Көне деректерде бұл ат ойынының пайда болуы біздің дәуірімізге дейін бірінші мыңжылдықтың орта кезеңімен сәйкес келеді екен. Орта Азияда, Иран, Әзербайжан, Түркия, Ирак елдерінде кеңінен таралған. Мерейтой аясында Тараздағы атшабарда «Әулие ата» және «Оңтүстік» клубтары өзара шеберлік байқасты. Сондай-ақ 31 шақырымдық аламан бәйге, 21 шақырымдық топ бәйге, 2,5 шақырымға созылған ұшқыр жарыс және де өзге ұлттық ат ойындары өткізілді. Білекті де жүректі жігіттер жамбы ату мен теңге ілуден және аударыспақта күш сынасты. Сәрсен Құранбек, Қазақстан шөген федерациясы президентінің бірінші орынбасары: - Ата-бабаларымыздың шөген ойынын ойнағаны орта ғасырларда жазылған. Қай елде болмасын, бұл ойынның әр түрлі атпен таралғанына қарамастан, оның негізін қалаушылар, бастап ойнағандар Орта Азия көшпенділері болған.
- 9 қазан 2015 ж.
- 53
Таразда шөген ойынының таныстырылымы өтті