«Биылғы оқу жылында пилоттық мектептердің бірінші сыныптарында 5 күндік оқу аптасы енгізіледі. Кесте құру бойынша ұсынымдар бүгінде мектептерге жіберілді», - деді министр.
Сондай-ақ, Аслан Сәрінжіпов атап өткендей, екі қалада жан басына қаржыландыру жалғасады.
«Мектептер арасында бәсекелестікті дамыту үшін Қарағанды мен Түркістан қалаларының 63 мектебінде 10-11 сыныптарда жан басына қаржыландыруды сынақтан өткізуді жалғастырамыз. Осылайша, оқушылар саны көп мектепке қаржы да көбірек бөлінеді», - деп қосты министр.





