» » Сарысу ауданында әлеуметтік бағдарламалар арқылы 1729 отбасыға көмек көрсетілді

Сарысу ауданында әлеуметтік бағдарламалар арқылы 1729 отбасыға көмек көрсетілді

Тараз. Zhambylnews –Сарысу ауданында ағымдағы жылдың 6 айында әлеуметтік бағдарламалар арқылы  1729  отбасының 5009 адамына  101 млн. 781 мың  теңге тағайындалып, төленді.
Балалы отбасылар жәрдемақысына 98 млн 954 мың теңге қаралған, оның ішінде аудандық бюджеттен 93 млн. теңге, ал республикалық бюджеттен – 5 млн. 954 мың теңге трансферт.
2015 жылдың 6 айының ішінде 18 жасқа дейінгі балалары бар 1693 отбасындағы 4859 балаға 52 млн. 472 мың теңге тағайындалып, төленді.
Ауданда 2014 жылдың 6 айдың ішінде аз қамтылған отбасылар 60 болса, ал ағымдағы  жылдың 6 айында 36 отбасы болып отыр немесе кедейшілік деңгейінің көрсеткіші 0,1 пайызға кеміп, 0,4 пайызды құрады.
2015 жылы атаулы әлеуметтік көмекке 2 млн. 827 мың теңге қаралды, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1 млн. 827 мың теңге, жергілікті бюджеттен 1 млн. теңге.
 6 айдың ішінде 36 отбасының 150 азаматына барлығы 1 млн. 916 мың теңге тағайындалып, төленді, оның ішінде республикалық бюджеттен 1 млн. 64 мың теңге, жергілікті бюджеттен 852 мың теңге.
Есепті мерзімнің қорытындысы бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішіндегі жұмысқа жарамды азаматтардың салмақ үлесі 2014 жылдың 6 айымен салыстырғанда 4,3 пайызға төмендеп,  26,2 пайызды құрады.
«ZhambylNews» АА
 

Пікір: 0
Пікір қосу